Қыркүйекте бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар 8 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
2021 жылдың тоғызыншы айында мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер болмайды.
Қыркүйекте бес күндік жұмыс аптасында 22 жұмыс күні және 8 демалыс күні бар.
Алты күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 26 күн жұмыс істеп, 4 күн демалады.
Айта кетейік, тамызда бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалып, 21 күн жұмыс істеді, ал алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалып, 25 күн жұмыс істеген болатын.