2021 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша еліміздегі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы COVID-19-ды таратпау жөніндегі ВАК мәлімдеді.
23 тамыздағы мәлімет бойынша 124 871 адам коронавирус инфекциясынан (118 989 КВИ+ және 5 882 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 197-сі стационарда, 94 674 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 944 адамның жағдайы ауыр,
- 518 науқастың жағдайы өте ауыр,
312 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.