Ауғанстанда «Талибан» радикалды қозғалысы елдің солтүстігінде орналасқан Панджшер провинциясын басып алу үшін аймаққа жүздеген әскерін жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кетейік, Панджшер – әлі күнге дейін тәліптерге бағынбай келген жалғыз провинция. Жуырда радикалдар аймаққа 4 сағаттың ішінде бейбіт түрде берілуді талап еткен еді. Алайда Панджшер провинциясының билігі талапты орындамайтынын ашық айтқан.
Тәліптерге тойтарыс берем дегендердің қатарында Ашраф Ғанидің тұсында вице-президент атанған Амрулла Салех пен 1980-1990 жылдары ауған моджахедтерінің лидері, қорғаныс министрі болған Ахмад Шах Масудтың ұлы Ахмад Масуд бар.
Ауған астанасы тәліптердің қарамағына өткелі бір аптадан асты. Әлі күнге дейін Кабул әуежайында жиналған адамдардың қарасы қалың. Арасында балалар көп.