• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Тамыз, 2021

Шекарадан 50 келі күміс алып өтпек болған азамат ұсталды

145 рет
көрсетілді

Қазақ-қырғыз шекарасында контрабандалық жүк тасымалдаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

21 тамызда шекарашылар «Қарасу» автомобиль өткізу пунктінде (Жамбыл облысы) «Mercedes-Benz» маркалы автомобиль салонын тексеру барысында отырғыштың астынан полиэтилен пакеттерге оралған күміс бұйымдар жасырылған құпия орынды анықтады. Брикеттердің жалпы салмағы – 50 келі 516 грамм. Бұйымдардың алдын ала бағалау құны 16 млн теңгені құрады.

Аталған факт СДТБТ-да тіркелді. Ұсталған азамат және контрабандалық жүк одан әрі процессуалдық іс-әрекеттер жүргізу үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жөнелтілді.

Шекара қызметі контрабандалық жүк тасымалдау арналарын жабу бойынша қарқынды іс-шараларды жалғастыруда.