KASE Қазақстан қор биржасының мәліметтеріне сәйкес, доллар теңгеге қатысты тағы да төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,47 теңгеге төмендеп, 426,66 теңгені құрады.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы - 427,20 теңге, ал сатылымы - 428,29 теңге. Елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны орташа есеппен 426,58 теңгеден сатып алып, 427,74 теңгеден сатады.
Ұлттық банк долларының 21-23 тамыздағы ресми бағамы 426,93 теңгені құрайды.