Вакцинаның бірінші немесе екі компонентін алған 18 жастан асқан Өскемен қаласының барлық тұрғыны Chevrolet Nexia автокөлігінің ұтыс ойынына қатыса алады, деп жазады Egemen.kz.
2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Өскемендегі емханалардың бірінде немесе егу орнында COVID-19 вакцинасын алған барлық тұрғын ұтыс ойынына қатыса алады.
Ол үшін сайтқа тіркелу қажет. Толық аты-жөні, ұялы телефон нөмірі мен вакцинаны алған жерін көрсеткеннен кейін бірегей алты таңбалы нөмір алады.
Ұтыс онлайн режимінде өтеді. Оны әлеуметтік желілерде көрсетеді.
Ашықтықты қамтамасыз ету үшін конкурстың барлық кезеңін бақылайтын тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылады. Комиссияға қосылғысы келетіндер +7 776 433 3367 телефоны бойынша өтініш бере алады.
Ұтыс ойынына комиссия мүшелеріне, сондай-ақ Өскемен қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері мен отбасы мүшелеріне қатысуға тыйым салынады.