• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Тамыз, 2021

Оралда жылу тарифі қымбаттай ма?

181 рет
көрсетілді

Орал қаласының жылу беруші мекемесі алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына  405 млн теңге жұмсаған. Қаржы ЖЭО мен жылу желілерінің жабдықтарын жөндеуге кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығында 1300-ден астам көпқабатты үй жылуға қосылады.  Жылыту компаниясы қаладағы желілердің 50% нашарлағанын ескертеді. Оларды жаңғырту үшін компания тарифтерді 5%-ға көтеруді жоспарлап отыр. Қазір табиғи монополияларды реттеу департаментіне тиісті өтініш дайындалуда.

Жайық өзенінің таяздығы қалада да тарифтің қымбаттауына әсер етеді. Қазір жылумен қамтамасыз ететін мекемедегі сорғылар апатты режимде жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар жылусыз және ыстық сумен сусыз қалмау үшін компания қызметкерлері қала тұрғындарына коммуналдық қызмет үшін қарыздарын қыс алдында төлеуге кеңес берді.

Оралдықтар жылыту мекемесіне 400 миллион теңге қарыз.

Жеке сектордағы күрделі мәселенің бірі тұрғындар тарапынан өтелмеген 400 миллион теңге қарыз. Сумманың 150 миллион теңгесі өткен жылдардаға тиесілі. Яғни, бұл бір кездері басқа елдерге қоныс аударған немесе бір себептермен қалада жоқ абоненттерідің қарыздары.