• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Тамыз, 2021

Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылды: оқиғаның мән-жайы анықталды

347 рет
көрсетілді

Алматыда жерасты өткеліне соғылған троллейбусқа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мәліметінше, оқиға орнынан жеті адам емес, төрт адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

«Тексеруден кейін олардың үшеуі бекітілген жердегі емханаға амбулаторлық емделуге жіберілді. Жараланғандардың бірі мамандандырылған бөлімге жатқызылды», деді Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер.

Бұл арада әлеуметтік желілерде жол апатына себепші болған тәжірибеден өтіп жүрген жүргізуші екені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы жол апатынан зардап шеккен әйелдің жұбайы Владимир Шацких Facebook-парақшасында жазды. Сонымен қатар, ол жедел жәрдем қызметі мен №4 қалалық клиникалық аурухана жұмысына шағымданды.

«Алматыэлектротранс» жүргізушінің жұмыс тәжірибесі жоқ деген ақпаратты жоққа шығарып, 1959 жылғы жүргізушінің жұмыс тәжірибесі мол екенін мәлімдеді. Бірақ ол бұрын жұмыстан шығып, қайта орналасқандықтан стажер статусын алған. Жол апатынан ер адам зардап шеккен жоқ. Ұйым басқа мәселелер бойынша әлі пікір білдірмеді, себебі бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалған.