• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 24 Тамыз, 2021

Алексей Цой елдегі эпидахуал туралы айтты

134 рет
көрсетілді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әлемде коронавирустық инфекцияның 213 миллионнан астам жағдайы тіркелді, тәулігіне 480 мыңнан астам адамның вирус жұқтырғаны анықталды, 4,4 миллионнан астам адам қайтыс болды. ДДСҰ-ның 6 аймағының төртеуінде шілде айының екінші онкүндігінен бастап аурушаңдықтың өсу тенденциясы байқалды. Соңғы аптада  Әзірбайжанда науқас саны көбейді, онда бір апта ішінде аурушаңдық 63%-ға өсті, Жапонияда - 34%, Израильде - 33%. Қазақстанда апталық өсім 7%-ға төмендеді», деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, аурушаңдық пен өлім көрсеткіші 1 миллион тұрғынға шаққандағы әлемдік рейтингте Қазақстан  222 елдің ішінде 101-орында.

«24 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 747 851 науқас тіркелді, Covid-19 оң нәтижесімен және 67 870 адамнан КВИ анықталды. Түркістан облысынан басқа барлық өңір «қызыл» аймақта. Соңғы екі аптада Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны біртіндеп, 10%-ға түсті. 1 тамыздан бастап республикада коронавирустық инфекцияның таралу индексі 1,11-ден 0,93-ке дейін 1,2 есе төмендеді», деп қорытындылады министр.