• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Тамыз, 2021

Адам саудасы асқынып тұр

884 рет
көрсетілді

Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Ішкі істер министрлігінің және облыстардың полиция департаменттерінің өкілдерімен бірлесіп өткізген баспасөз конференциясында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл сайын 23 тамызда бүкіл әлемде құл саудасының құрбандарын еске алу және оны жою Халықаралық күні атап өтіледі. Бұл жобаны іске асыруды АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі де қолдайды.

«Адам саудасының фактілеріне қарсы табысты іс-қимыл жасау үшін қазіргі проблемаларды шешу тәсілдерін сапалы өзгерту, уәкілетті органдардың тығыз өзара іс-қимылы мен жүйелі жұмысы, мемлекет пен азаматтық қоғамның күш-жігерін шоғырландыру қажет. Қазіргі дағдарыс барлық елдер мен қоғамға әсер етті. Жаңа жағдай халықтың осал топтарына, оның ішінде мыңдаған мигранттарға да теріс ықпал етеді. Бұған тек оларды жұмысқа мәжбүрлеу ғана емес, орындалған жұмыс үшін ақы төленбеуі де жатқызылады. Осыған ұқсас қылмыстардан зардап шеккендер мемлекет кепілдік берген бостандықтар мен адам құқықтарын талап ету мүмкіндігінен айырылады. Сондықтан адам саудасына байланысты қылмыстарды анықтауға және тергеуге мұқият назар аудару керек», деді баспасөз мәслихатында Эльмира Әзімова.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің хабарлауынша, жыл басынан бері ішкі істер органдары адам саудасына байланысты 87 қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы маусымның басында адам құқықтарын кепілді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қабылдануы қажет бірінші кезектегі шаралар туралы Жарлық қабылдады. ҚР Үкіметі бірінші кезектегі 26 шара жоспарын іске асыруға кірісті, оның ішінде 16 шара адам саудасының алдын алу тетігін заңнамалық күшейту және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі шараларды қоса алғанда, 2021 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.