• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Тамыз, 2021

БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесі қаралуда

230 рет
көрсетілді

Жауырда журналистер қауымдастығының жекелеген өкілдері пандемия кезінде БАҚ үшін салықсыз режим аяқталғаннан кейін БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесін қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық министрлігі бірлесе отырып заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеп жатқаны хабарланды. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде оларды ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізу жоспарланып отыр.

«Декреттік жәрдемақыларды төлеу мәселесі ағымдағы жылдың соңына дейін шешімін табады деп күтілуде. Бұл мәселе Ақпарат және қоғамдық даму министрінің жеке бақылауында», деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.