Қазіргі кезде ауыл әйелдерін қолдау бағдарламасы аясында Қазақстанда 81 әйел өз ісін дамытып отыр. Республикалық комиссияның шешімімен оларға грант берілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, үміткерлер өтінім берген соң, комиссия мүшелері сараптама жасап, шешім шығарады.
«Жыл сайын 3 мыңға жуық әйел өтініштерін береді, біз оларға бизнес жобаларды жазуға көмектесеміз, ал грант алғаннан кейін сүйемелдеп отырамыз. Қазір 81 әйел жұмыс істеп жатыр, олар 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашты. Біз олармен ұдайы байланыста болып, жұмыстарын одан ары жалғастыруға көмектесеміз. Күнделікті хабарласып отырамыз», деді М.Айсина.