• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ғылым 25 Тамыз, 2021

Қазақстан мен Ресей ғылым мен иновациядағы ынтымақтастықты талқылады

217 рет
көрсетілді

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев Ресей ғылым академиясының (РҒА) президенті академик Александр Сергеевпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Кездесуде екі елдегі ғылымды дамытудың өзекті мәселелері мен ғылым, жоғары технологиялар және инновациялар саласындағы ынтымақтастықтың даму бағыттары талқыланды.

«Көбінесе жасанды интеллект пен ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты мәселелер қозғалды. Е. Көшербаев бұл саладағы ынтымақтастық екі елдің көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің 2020 жылдың желтоқсанында жасанды интеллект және деректерді талдау бойынша, жасанды интеллект саяхатының «Artificial Intelligence Journey» онлайн-конференциясы кезінде жасаған мәлімдемелері тұрғысынан өте маңызды екенін баса айтты», деп жазады СІМ баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар геологиялық зерттеулер саласындағы өзара қызығушылықты, іргелі ғылымды дамытудың негізгі бағыттары туралы ғылыми мәліметтермен үнемі алмасуды, экономиканың және бизнестің әр түрлі салаларына ғылымды енгізуді, сондай-ақ, жаһандық киберкеңістікте қабылданған ережелер мен міндеттемелерді қабылдауда ынтымақтастық қажет екенін атап өтті.

Тараптар тұрақты байланысты жалғастыру туралы келісімге келді.

Қыркүйек айының басында Владивосток қаласында Шығыс экономикалық форумы болады.