Өткен түнде Алматы қаласында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Е-класты Mersedes автокөлігі Абай көшесінің батыс бағытында жүріп, Саин бойына жетпей, түсініксіз жағдайлар бойынша аялдамаға қарай бұрылды. Жол жиегіне соғылғаннан кейін көлік жол жарығының мачтасына тап болды.
Соққының салдарынан жүргізуші кабинаның ішінде қысылып қалды. Апаттың куәгерлері көмекке келсе де, жүргізуші ауыр жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.