• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Тамыз, 2021

Қазақстанда жаңа санкциялар пайда болады

393 рет
көрсетілді

ҚР Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Түзетулер коронавирустық пандемияға және осы кезеңдегі нысандардың ерекше жұмыс тәртібіне байланысты енгізілді.

«Инфекцияның жаппай таралуын болдырмау мақсатында жеке тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекеттік органдар өз қызметін уақытша тоқтатты немесе қашықтықтан жұмыс режиміне көшті. Сонымен бірге, ӘҚБтК нормаларын талдау онда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізудің ерекше тәртібі және соттың (лауазымды адамдардың) төтенше жағдай режимі жағдайында істерді қарау мерзімдерін тоқтата тұру құқығы көзделмегенін көрсетті. Бұл кезеңдегі істер жалпы тәртіппен және ӘҚБтК белгілеген мерзімде қаралды», делінген тұжырымдамада.

Осыған байланысты, әзірлеушілердің айтуынша, төтенше жағдай кезінде іс жүргізу бойынша құқық қолдану практикасындағы орын алған мәселелердің негізінде оларды жою бойынша заңнамалық шаралар қабылдау қажеттілігі туындайды.

Жалпы заң жобасы әкімшілік жауапкершілікті белгілеу, жауапкершілікті күшейту, әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаның баламалы түрін алып тастау мәселелеріне бағытталған. Құжаттың толық нұсқасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.