Жапонияның оңтүстік-батысындағы сот ықпалды қылмыстық топ басшысын дарға асу жазасына кесті, деп жазады Egemen.kz.
BCC жазуынша, Фукуока қалалық соты 74 жастағы Номура Саторуды төрт шабуылға тапсырыс берді деп айыптады. Шабуылдардың бірінде бір кісі қаза таптқан. Номура Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кудо-кай синдикатын басқарады.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, үкім Номураға қарсы тікелей дәлелдердің жоқтығына қарамастан шығарылған. Айыпты кінәсін мойындамаған. Енді апелляциялық шағым түсірмекші.
Прокурорлар Номураның зорлық-зомбылық шабуылдарына тапсырыс бергені туралы тікелей айғақ болмаса да, қылмыстық топты абсолютті түрде басқаруы жауапкершілік алуға жеткілікті екенін дәлелдеді.
Айта кетейік, 1998 мен 2014 жылдар арасында болған төрт шабуылда балық аулау кооперативінің бұрынғы басшысы қаза тауып, тағы үшеуі, соның ішінде полицей жарақат алған.
Сейсенбіде Номураға үкім шығарған судья оның әрекетін өте қатал деп атады.
Якудзалар тобы Жапонияда заңсыз емес. Сарапшылардың айтуынша, олар елдегі есірткі саудасынан бастап, жезөкшелікке дейін, қор нарығында айла-шарғы жасауға дейінгі қылмыстық әрекеттердің барлық саласына қатысады.
Болжам бойынша, елде бірінші рет жапон якузда мафиясының басшысы өлім жазасына кесілген.