Жапония үкіметі коронавирустың таралуына байланысты карантиндік шектеу ережелерін қатаңдатуға мәжбүр, елдің тағы сегіз аймағында төтенше жағдай режимі енгізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Бұл шектеулер қосымша Хиросима, Хоккайдо, Мияги, Айчи, Гифу, Мие, Окаяма және Сига префектураларын қамтиды.
Аталған аумақтарда төтенше жағдай 27 тамыздан бастап енгізіледі және 12 қыркүйекке дейін жалғасады.
Шектеу шаралары Жапонияның 47 префектурасының 21-іне таралады.