• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Тамыз, 2021

Мұрат Әйтенов: Бүгін мектебіне үлес қосқан бала, ертең еліне қызмет етеді

270 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала педагогтарының дәстүрлі тамыз конференциясында ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады, деп хабаралайды Egemen.kz.

Қала мектептерінің дәстүрлі оқу форматына оралуына байланысты қала басшысы балалардың денсаулығын сақтау бірінші кезектегі мәселе екендігін атап өтті.

Оның айтуынша, зияткер ұрпақ тәрбиелеу басты стратегиялық міндет пен заман талабы болып белгіленген. Білім саласында мақсатты индикаторлық көрсеткіштер қойылып, адами капиталдың сапасын арттыру міндеттері межеленген. Бұл бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру ұйымдарының құрылысын жүргізу, олардың жабдықталу деңгейін арттыру, білім саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жолға қою, педагог кадрлардың әлеуетін көтеру, тағы басқа маңызды көрсеткіштер қамтылған.

Алдағы 5 жылда қалада 72 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланып, үш ауысымды мектептер мәселесі мен мектебі жоқ шағынаудандар мен тұрғын алаптарда жаңа мектептер салу белгіленген. Биыл 32 мектептің құрылысы басталса, жыл соңына дейін 20 мектеп іске қосылмақ. Тағы 16 мектеп құрылысына жеке инвесторлар тартылған.

Қала басшысы педагогтарға оқушылар білім олимпиадалары мен ұлттық тестілеу көрсеткіштерінен оқ бойы озық тұруы керек деген талабын жеткізді. Балаларды киберкеңістіктегі нашақорлық бизнесінен барынша қорғап, олардың әлеуметтік желідегі белсенділігін бақылауда ұстау мәселесін де алға тартты.

«Бүгін мектебіне үлес қосқан бала, ертең еліне үлес қосатын болады», деді Мұрат Әйтенов өз сөзінде.