• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Тамыз, 2021

Ұлттық спорт жампоздарының жарысы

854 рет
көрсетілді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында   ұлттық спорт түрлерінен республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғыз құмалақ, асық ату сияқты спорт түрлері бойынша сайыстар командалық тәртіппен ұйымдастырылып жатыр.

Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, сонымен қатар «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК мұрындық болған жарыстың көрігі қызып жатқанына бір аптаға жуықтап қалғанын айта кетейік.  Екі кезеңнен тұратын фестваль екі айдан астам уақытқа созылуға тиіс. Алғашқы кезеңдегі аймақтық іріктеу жарыстары төрт аймақта өтеді. Теріскейдегі төрт облыстың жампоздары жарысқан алғашқы кезең сайыстары өткен аптада Көкшетау қаласында өтті. Осы аптаның ішінде өзге облыстардың да кезегі келіп тұр. Аймақтардағы іріктеу жарыстары қазан айының басында мәреге жетеді. Еліміздегі 14 облыс, 3 қала командалары арасынан үздік шыққандар фестивальдің  шешуші кезеңінде, яғни финалда өнер көрсетеді.

Ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің солтүстік өңірінің жеңімпаз командалары анықталғанын жоғарыда айтып өттік. Батыс аймақтық іріктеу жарыстары аясында 26-28 тамызда Орал қаласында көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы атудан спортшылар қалалық атшабарда сыңға түссе,  қазақ күресі мен асық атудан – жоғары спорттық шеберлік мектебінде, тоғызқұмалақтан – оқушылыр сарайында  бәсекелер өтеді. Батыс аймақ іріктеу жарыстарына БҚО, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарынан 225 спортшы қатысады деп күтілуде.