• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Тамыз, 2021

Ресей ұшақтары Кабул әуежайына қонды

448 рет
көрсетілді

Ресей ұшақтары 25 тамыз, сәрсенбі күні Ауғанстан астанасындағы Хамид Карзай халықаралық әуежайының азаматтық авиация бөліміне қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хамид Карзай әуежайына Ил-76 МД үш әскери көлік ұшағы мен Ресей Аэроғарыштық күштерінің бір жолаушылар лайнері Ил-62 қонды.

Ресейдің бірқатар шенеуніктері де эвакуациялау жұмыстарына қатысу үшін Кабулға келді. 

Ауғанстаннан шетелдік күштерді шығаруға белгіленген мерзім аяқталуына өте аз уақыт қалды. 

Шетелдіктер мен Ауғанстан азаматтары паспорттық тексеруден өткеннен кейін ұшақтармен Кабулдан эвакуацияланады. 

Ресей Қорғаныс министрлігі бұған дейін Путиннің тапсырмасы бойынша сәрсенбіде Ауғанстаннан Ресей, Украина, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның 500 азаматы шығарылатынын хабарлаған.