• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Тамыз, 2021

Қазақстандық сарбаздар Пәкістанға аттанды

335 рет
көрсетілді

Пәкістан мен Қазақстан «Достарым-III» бірлескен әскери жаттығуларын өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пәкістан армиясының хабарлауынша, маневрлер Хайбер-Пахтунхва провинциясының Пабби қаласында жүргізілуде. 

Оқу-жаттығу екі елдің терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.

Мұндай алғашқы әскери жаттығулар екі ел арасында 2017 жылы Пәкістанда, екіншісі 2019 жылы Қазақстанда өтті.