«Талибан» қозғалысы Ауғанстанның Қорғаныс министрі қызметіне бұрын Кубадағы америкалық Гуантанамо түрмесінде жазасын өтеген Абдул-Каюм Закирді тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz Al Jazeera сайтына сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, Абдул-Каюм Закир «Талибанның» ірі әскери операцияларын басқарған. 2001 жылы Ауғанстанда операция басталғаннан кейін оны АҚШ әскери күштері ұстап алып, Баграм әуе базасында түрмеге қамап, содан кейін Гуантанамоға көшірген.
Жазасын өтеп болған Закир тәлібтер қатарына қайта қосылды.