Паралимпиада ойындарының екінші жарыс күнінде Қазақстан пара пауэрлифтингтен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Алина Солодухина 45 келіге дейінгі салмақта, ал Азия ойындарының күміс жүлдегері Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақта жүлдеге таласады.
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:30-да 45 келіге дейін Әйелдер арасында Пара пауэрлифтинг спорт түрінен Алина Солодухина бақ сынаса, 15:30-да Ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта Давид Дегтярев өнер көрсетеді.