• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Тамыз, 2021

Жас тергеушілер сот саласының ардагерлерімен кездесті

545 рет
көрсетілді

Конституция Күні қарсаңында елордада жас тергеушілер сот саласының ардагерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Заң саласында жұмыс істейтіндер үшін Конституция күні ерекше мереке болып саналады. Біздің басты міндетіміз – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Қазіргі уақытта Ата заңға ерекше назар аударылады. Әр адам өз елінің Конституциясын білуге және оны әрдайым насихаттауға тиіс. Конституцияда барлығы егжей-тегжейлі жазылған, нормалар заңмен реттелген. Ұзақ жылдар бойы сот саласында жұмыс істедім, судья болдым. Алайда алғашқы үш жыл тергеуші болып жұмыс істедім. Сондықтан бұл сала маған да жақын. Оқуды бітіргеннен кейін аудандық сотта тергеуші болып жұмыс істедім. Қылмыстық іс жүргізетін маңызды адам - тергеуші», деді ҚР Жоғарғы Сотының экс-судьясы, облыстық соттардың төрағасы Амангелді Рысқалиев.

Кездесу барысында ардагерлер өз тәжірибелерімен және пайдалы дағдыларымен бөлісті.