Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қандасымыз, әйгілі опера әншісі Жеңісбек Пиязов «Өзбекстанның халық әртісі» атағын алды.
Ол Муслим Магомаев атындағы екінші халықаралық конкурстың бас жүлдесін иемденген. Сондай-ақ Мәскеуде өткен орыс романстарын орындаушы жастардың халықаралық ХІІІ «Романсиада-2009» конкурсының лауреаты және Полад Бюль-Бюль оглы атындағы Халықаралық вокалистер байқауында екінші орынды қанжығасына байлаған. 2014 жылы «Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі» атағын алған.
Сондай-ақ Жеңісбек Пиязов – Ла-Скалада өнер көрсеткен тұңғыш ортаазиялық әнші. Қандасымыз 33 жасында осындай құрметті марапатқа қол жеткізіп отыр.