• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 26 Тамыз, 2021

Жаңа оқу жылы: Қазақстанның бас санитария дәрігері қаулы шығарды

577 рет
көрсетілді

Бас мемлекеттік санитария дәрігері «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында талап етіледі:

педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда); ұйымға кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу); маска режимін сақтау; рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету; үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру; үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау; педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия); бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.); мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу; зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау; бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқыту. Сыныпта (топта) COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде - сынып (топ) 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауға жатады.

Ал колледждерде, жоғары оқу орындарда COVID-19 ауруының 1 инкубациялық кезеңінде бір ағын топтарының 30 пайыздан астамы тіркелген кезде - ағын 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады.