• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 26 Тамыз, 2021

Қазақстанда алғаш рет WTA 250 турнирі өтеді

150 рет
көрсетілді

26 ​​қыркүйек - 2 қазан аралығында Нұр-Сұлтандағы Ұлттық теннис орталығында WTA 250 әйелдер арасындағы теннис турнирі өтеді. Шара әлемнің 70-тен астам елінде көрсетіледі, деп жазады Egemen.kz.

«Бұл - өте ауқымды шара. Екі апта бойы әлем теннисінің назары  Қазақстанға ауады, өйткені алдымен ерлер арасында ATP 250 турнирі өтеді, содан кейін бірден әйелдер WTA 250 басталады. Біз әлем теннисшілері мен жанкүйерлерін ұмытылмас жақсы әсерге бөлеу үшін бар күшімізді саламыз», дейді Astana Open WTA 250 турнирінің директоры Питер Джонстон ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Әйелдер арасындағы турнирдің негізгі кезеңіне Қазақстан құрамасының барлық көшбасшысы қатысады. ATP 250 және WTA 250 басталмас бұрын Нұр-Сұлтанда Қазақстан чемпионаты өтеді. Жеңімпаздар негізгі кезеңге wild card алады, ал финалистер іріктеу ойынына қатысады.