Өрт 25 тамызда Жылыой ауданындағы Жаңақаратон кентінде болған. Тұрғындардың айтуынша, балалар алаңы 2019 жылы пайдалануға берілген.
«Жаңақаратон кентінде орналасқан балалар ойын алаңының өртенуіне байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 202-бабының 2-бөлігімен (Бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазір өрттен келген шығын көлемі анықталып жатыр.