• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Білім 26 Тамыз, 2021

Ауған студенттері Қазақстандағы оқуын жалғастыра ала ма?

333 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрлігі ауған студенттерінің Қазақстанға жеткізілуі туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында отанына оралған, бірақ Қазақстанда мемлекеттік бағдарлама бойынша оқитын ауған студенттерінің оқуына оралуы мүмкін екені туралы ақпарат пайда болды.

Министрлік баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстанның құзырлы органдары біздің елдегі оқу орындарында оқитын ауған студенттеріне қатысты жұмыс жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар Ауғанстандағы жағдайға байланысты бұл мәселені ауған тарапымен талқылау әлі мүмкін емес. Министрлік студенттердің Қазақстанға келуіне қатысты мәселе әлі шешілмегенін және қосымша қарастырылатынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі ынтымақтастық туралы меморандум аясында елдің білім беру мекемелерінде 102 ауған студенті білім алып жатқанын хабарлаған болатын.