• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 26 Тамыз, 2021

Заңсыз ағаш кескендердің жазасы қандай?

773 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында табиғатты қорғау полициясының бөлімшелері 98 рейдтік іс-шара өткізіп, нәтижесінде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің 49 фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 340-бабы (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) бойынша 6 сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, 43 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Polisia.kz сайтының мәлімдеуінше, жуырда табиғатқа қиянат жасаудың кезекті дерегі орын алды.

«Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха аудандық филиалы Дмитриевка орманшылығының орман отырғызу белдеуінде ерекше қорғалатын табиғи аумақта «ТАНК» бензопиласының көмегімен ағаштарды заңсыз кескен Дмитриевка ауылының тұрғыны ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, шешім қабылдау үшін Бородулиха аудандық сотына жіберілді.