• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Тамыз, 2021

Қазақстан мен Швейцария арасындағы байланыс дамып келеді

384 рет
көрсетілді

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанға ресми сапарымен келген Швейцария Конфедерациясы Федералдық Жиналысы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Андреас Эбимен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Тараптар COVID-19 пандемиясына қарамастан, Қазақстан мен Швейцария екіжақты күн тәртібінің барлық спектрі бойынша белсенді өзара іс-қимылды жалғастырып жатқанына қанағаттанатынын атап өтті. Мамыр айының соңында Мемлекет басшыларының  бейнеконференция форматындағы келіссөздері, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Швейцарияға ресми сапары жоспарланған.

Кездесуде Швейцария өкілетті бизнес-делегациясының 2021 жылғы мамырдағы Қазақстанға сапарының қорытындысы мен Іскерлік Кеңестің қызметі талқыланды.

Екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда парламент дипломатиясының маңызды екені айтылды. Тараптар «Қазақстан – Швейцария» парламентаралық ынтымақтастық тобы аясында екі ел парламентшілерінің белсенді өзара іс-қимылын құптады.

Қазір Швейцария Қазақстан экономикасының көлемі бойынша үшінші инвесторы. Онда швейцариялық капиталдың қатысуымен 400-ден астам компания жұмыс істейді.