• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Тамыз, 2021

Жамбыл облысындағы барлық теміржол қозғалысы тоқтады

866 рет
көрсетілді

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде орын алған жарылысқа байланысты  өңірдегі жүк тасымалы бөлімшесі Тараз-Луговое учаскесінің жұп және тақ жолдары барлық пойыз қозғалысы үшін жабық, деп жазады Egemen.kz.

Тараздан оқиға ошағынан 8-10 шақырым жерде орналасқан Үшбұлақ станциясына өрт сөндіру пойызы келді. Шу станциясынан да өрт сөндіру пойызы жіберілді.

Жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.

Қазіргі уақытта Петропавл-Қызылорда бағытындағы №75 және Маңғыстау – Алматы-2 бағытындағы №78 жолаушылар пойызы, сондай-ақ 14 жүк пойызы тоқтатылды.

«Құрметті жолаушылар!

Техникалық себептерге байланысты:

- №41 Алматы-2 – Атырау бағытындағы;

- №11 Алматы-2 – Шымкент бағытындағы;

- №78 Манғыстау - Алматы-2 бағытындағы;

- №24 Ақтөбе – Алматы-1 бағытындағы ;

- №002 Шымкент – Алматы-2 бағытындағы;

- №72 Түркістан – Алматы-2 бағытындағы;

- №86 Сарыағаш – Нұр-Сұлтан-1 бағытындағы;

-№22 Қызылорда – Семей бағытындағы жолаушылар пойыздарының кешігеді.

Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе «105» бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуы керек», деп жазады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.