Жергілікті орманшылар ашығып, әлсіреп қалған киелі құсқа көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қызыл кітапқа енген сұңқылдақ аққу Железин ауданынан табылған. Қазіргі таңда киелі құс облыс орталығына жеткізілді.
«Жан» ветеринарлық клиникасында аққуды мамандар жіті тексеріп, әрі қарай Павлодар ауылындағы жараланған аң-құстарды ұстайтын шағын зоопаркке орналастыруға шешім қабылдаған.