Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4 - тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», делінген Өкім мәтінінде.