• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Тамыз, 2021

88 адам зардап шегіп, 4 әскери қаза тапты

233 рет
көрсетілді

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыстан 88 адам зардап шеккен. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауруханаларға 88 адам жүгінді. Оларға қалалық ауруханада, Байзақ ауданының орталық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілді. Медициналық көмек көрсетудің арқасында жеңіл жарақат алған 60-қа жуық адам үйіне қайтарылды», деді облыс басшысы Жамбыл өңірлік көммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның дерегінше, қазіргі таңда Тараз қалалық орталық ауруханасында 28 адам жатыр.

«Оның алтауының жағдайы орташа ауыр. Бірақ, өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ. Таңертең науқастармен кездестік, жағдайларын сұрадық. Дәрігерлерден оларға қандай көмек көрсететіндігін білдік. Дәрі-дәрмекке қатысты еш мәселе жоқ. Қазір олардың жағдайы тұрақты», деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, кеше сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды. Апатта, өрт сөндіру барысында 4 әскери қызметші қаза тапты.