• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Тамыз, 2021

Эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне қайтарылады

212 рет
көрсетілді

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыстан кейін эвакуацияланған ауыл тұрғындары бүгін үйіне қайтарылады. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарылыс болған жерге жақын орналасқан 3 елді мекен бар. Оның ең жақыны Қайнар ауылы - 1 шақырым жерде. Ал қалған екеуінің қашықтығы 5 шақырым. Осы үш елді мекенде 718 адам тұрады. Кеше ол кісілердің барлығы басқа жерлерге, яғни біз дайындаған 10 мектепке және 5 колледждің жатақханасына орналастырылды. Соңында олардан 227 адам қалды. Ал қалғандары ағайын-туысқандарына кетті», деді облыс басшысы Жамбыл өңірлік көммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар әкім бүгін таңертең эвакуацияланған адамдарға барып, жағдайларын білгендігін атап өтті.

«Олар тиісті көмекпен, яғни, тамақ, сусынмен қамтамасыз етілген. Енді жалпы жағдайға қарап, барлығы дұрыс деп шешілсе, онда бүгін олардың барлығын үйлеріне қайтарамыз», деді Бердібек Сапарбаев.