• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Тамыз, 2021

Қасақана өрт қойылды деген нұсқа жоққа шығарылмайды - қорғаныс министрі

300 рет
көрсетілді

Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында қасақана өрт қойылды деген нұсқа да қарастырылып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жарылыс себебін жедел тергеу тобы анықтап жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, қауіпсіздік талаптары да бұзылған болуы мүмкін, химиялық реакция болып, өзі жануы да мүмкін. Оқ-дәрілер сақталған қоймадағы өрт қасақана қойылған болуы мүмкін деген де нұсқа жоққа шығарылмайды», деді қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.