• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Тамыз, 2021

Жарылыс туралы тың мәліметтер табылды - ТЖМ

2171 рет
көрсетілді

ҚР Төтенше жағайлар министрлігі Жамбыл облысының Королевка кентіндегі әскери қоймада болған жарылыс туралы тың мәліметтер ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, төтенше оқиға кезінде жалпы ауданы 697 шаршы метр болатын қойма ғимаратын жалын шарпыған. «Жарықшақтардың ұшу радиусы 2 шақырымға дейін жетті.

Қазіргі мәлімет бойынша, қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған. Тағы бір мәлімет бойынша ауруханаға 90-ға жуық адам түскен. Оның 49-ы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері», деп жазылған ресми деректе.

Айта кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.

Соңғы ресми деректер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапқан.