Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарынан тоқтап қалған пойыздардың 500-ге жуық жолаушысы автобустарға ауыстырылды. Оларға арнайы полицейлер жол бағытын нұсқап жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта 500-ге жуық адам автобуспен Шу станциясынан Луговаяға дейін жеткізілуде», деп хабарлады ІІМ.
Полиция қызметкерлері тонаудың алдын алу үшін эвакуацияланған елді мекендерде тәулік бойы кезекшілік жүргізетінін де мәлімдеді.