• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Тамыз, 2021

Жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алушылар саны өсті

352 рет
көрсетілді

Проактивті форматта жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындауға байланысты қызмет алушылар саны 11%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шілде айында «Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау» проактивті мемлекеттік қызметі іске қосылды.

«Соңғы ай ішінде проактивті форматта қызмет алуға келіскен адамдардың саны 18%-дан 29%-ға дейін өсті», деп жазады министрлік баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта проактивті түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету процесіне реинжиниринг жүргізілуде.

«Маусым айында «Бала тууына байланысты және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметі жеңілдетілген форматта іске қосылды, бұл белсенді түрде тағайындалған төлемдер санын 10%-дан 37%-ға дейін арттырды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 50%-ға жетеді деп күтілуде», деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін келесі қызметтерді оңтайландыру жоспарлануда:

Асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау; Асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау; Еңбек қабілеттілігінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау; Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.