Токиода Паралимпиадасында әйелдер арасында 150 метрге біліктілік жүзу жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Старт қорытындысы бойынша Ғабидуллина 3:55.74 нәтижесімен өз тобында бесінші орынға ие болды, ал жалпы есепте 15-ші орынға жайғасты. Осылайша финалдық бөлімге іріктеуден өте алмады.
Енді медаль үшін сегіз спортшы таласатын болады.
Еске сала кетсек, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарында Зүлфия еркін стильде 100 метр қашықтықта «алтын» алды.