• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 28 Тамыз, 2021

Паралимпиада-2020: Дзюдошы Теміржан Дәулет «алтын» үшін күреседі

233 рет
көрсетілді

73 келіге дейінгі салмақта дзюдодан Паралимпиада турнирінің екінші финалисті анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жартылай финалда грузиялық спортшы Георгий Калданидің иппонымен жеңген қазақстандық Теміржан Дәулет финалға жолдаманы жеңіп алған болатын.

«Алтын» үшін ол екінші жартылай финалда ресейлік Василий Кутуевтен мықты болған Өзбекстан өкілі Феруз Саидовпен күреседі.

«Қола» үшін жекпе-жек пен финал Нұр-Сұлтан уақытымен 13:00-де басталады.

Еске салсақ, қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында пауэрлифтингтегі «алтын» (Давид Дегтярев) және дзюдодағы «күміс» (Әнуар Сариев) бар.