• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 28 Тамыз, 2021

29 тамыз - Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

919 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялағанын хабарлайды Egemen.kz Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 26 тамызында сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде инженерлік оқ-дәрілер қоймасында өрт шыққан. Соңғы мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғада 12 адам қайтыс болып, 98 адам жарақат алды. Жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасуда.