• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Тамыз, 2021

Елорда тұрғынынан 151 грамм гашиш тәркіленді

175 рет
көрсетілді

Елорда аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Оның мақсаты - көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу, деп хабарлайды Egemen.kz. 

26 тамызда Иманов көшесінде бұрын сотталған 42 жастағы астаналық тұрғын ұсталды.

«Жеке тінту барысында ұсталған азаматтың үйінде салмағы шамамен 151 гр болатын өлшеп оралған «гашиш» табылды. Ол оны елорда аумағында сатпақ болған», деп хабарлады полициядан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері 131 қылмыс тіркелді, оның 98-і ашылды. Сондай-ақ, бұрын жасалған 70 құқық бұзушылық ашылып, іздеуде жүрген 18 қылмыскер ұсталды. 3000-ға жуық тұрғын алаптарын аралау жүргізілді, ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 3452 есепке алынған тұлғалар тексерілді.