• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Тамыз, 2021

Қазақстан мен Ұлыбританияның ынтымақтастығы нығаюда

587 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев Ұлыбританияның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Кэти Личпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Қос тарап 2022 жылы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық мерейтойын атап өтуге белсенді дайындықты, оның ішінде жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыруды талқылады.

Британдық Елші Нұр-Сұлтан мен Лондон арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысқа кірісуге ниет білдірді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге, пандемиядан кейінгі кезеңде сауда-инвестициялық байланыстарды нығайтуға, парламентаралық диалогты тереңдетуге, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Халықаралық күн тәртібін талқылау шеңберінде тараптар 2021 жылғы қарашада Глазго қаласында өтетін СОР-26 Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі конференцияға қазақстандық делегацияның қатысуын да талқылады.