Биылғы күз бен қыс мезгілдерінде Таиландта соңғы онжылдықта болмаған суық ауа райы орын алды. Мұнда ауа температурасының төмендеуі 63 адамның қаза болуына себеб тудырған екен. Бүл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Таиланд метеорология департаментінің ақпары бойынша, адамдардың өліміне көп жағдайларда суық ауа райының әсерінен туындаған немесе қозған аурулар себеп болуда.
Синоптиктердің дерегіне қарағанда, корольдіктің солтүстік пен солтүстік-шығыс провинцияларында түнгі мезгілде ауа температурасы +4 градусқа дейін төмендейді. Сондай-ақ елдің оталық бөлігінде де ауа температурасының төмендеп кеткені байқалады. Мәселен, бүгін таңертең Бангкокта рекордтық төмен температура тіркелді. Ол +15,6 градусты құрады. Таиланд астанасындағы соңғы 30 жылда ауа температурасы мұнша төмендеп көрмеген екен.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com
Фото: Thailand-news.ru