• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Тамыз, 2021

Маңғыстауда «Каспий-Антитеррор-2021» оқу-жаттығуы өтеді

372 рет
көрсетілді

ТМД мемлекеттері арасында «Каспий-Антитеррор-2021» бірлескен антитеррористік оқу-жаттығуын іске асыру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты - ведомствоаралық және мемлекетаралық өзара іс-қимылды пысықтау, сондай-ақ ТМД елдерінің құзыретті органдарын теңіз инфрақұрылымы мен мұнай-газ саласы объектілерінде туындайтын террористік актілердің жолын кесу үшін практикалық іс-қимылдарға дайындау.

«Оқу-жаттығудың күштік кезеңі теңіз көлігі объектілеріндегі терактілік қатерлерді бейтараптандырудың практикалық дағдыларын пысықтаумен Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласының теңіз портының аумағы мен акваториясында өтеді», деп түсіндірді ҰҚК баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығуда жарылыстарды елестету мен оқсыз ату жүзеге асырылады.