• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2014

Бокс: «Арландар» шаршы алаңға шығады

282 рет
көрсетілді

1 ақпан күні «Astana Arlans» жартылай кәсіпқой клубы Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясында кезекті кездесуін өткізеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Осы күні «Astana Arlans» командасы мен Ресейдің «Russian Boxing Team» боксшылары екінші жекпе-жегін өткізеді.  Бірінші кездесуде Сергей Корчинскийдің командасы Санк-Петербургте алаң иелерін 3:2 есебімен жеңген болатын. Енді, міне ресейлік командамен өз алаңымызда кездесейін деп отырмыз. Бұл айқасқа «Astana Arlans» мына құраммен шығатын болады. 49 кило салмақта Азамат Исақұлов  Белик Галановпен кездеседі. 56 килода  Мейірболат Тойытов  Эдуард Абзалимовпен, 64 килода Асхат Уәлиханов Григорий Лизуненкомен қолғап түйістіреді. Сонымен бірге көптен бері көрінбей жүрген 75 кило салмақтағы. Сергей Деревянченко  ресейлік Петр Хамуковпен айқасса, 91 килода Василий Левит - Алексей Егоров жекпе-жегіне куә боламыз. Қазір қазақстандық команда алты кездесуден кейін өз тобында екінші орында келеді. Ресейлік боксшылар үшінші орында болса, бірінші орында бостандық елінің«Cuba Domadores» боксшылары тұр. «Astana Arlans» мен «Russian Boxing Team» кездесуі 1 ақпан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Жекпе-жек тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасынан сағат 19:30 көрсетіледі.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: astanaarlans.kz/‎

Соңғы жаңалықтар