Қазақстандық боксшылар жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясының сайтына сілтеме жасап.
Жартылай финалдың екінші күні 2004-2005 жылы туған барлық финалистер анықталды.
Жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Сатжановтың 13 шәкіртінің 10-ы құрлықтың «алтыны» үшін күресетін болады:
48 келіге дейін: Санжар Ташкенбай - Суреш Вишванат (Үндістан).
54 келіге дейін: Нұрсұлтан Алтынбек - Әліш Афшари (Иран).
57 келіге дейін: Әбдіғали Әбдікәрім - Мұхаммед Анвар (Ирак).
60 келіге дейін: Ерасыл Ермек - Ливас Омар (Қырғызстан).
63,5 келіге дейін: Ернұр Сүйінбай - Вансаж (Үндістан).
67 келі: Абзал Серік - Самандар солижонов (Өзбекстан).
75 келіге дейін: Бақберген Әлиасқаров - Фардин Халифенлу (Иран).
86 келіге дейін: Темірлан Мұқатаев - Диорбек Оралов (Өзбекстан).
92 келіге дейін: Мәди Әміров - Нусратбек Тохиров (Өзбекстан).
+ 92 келі: Даниял Сапарбаев - Жахонгир Жақыпов (Өзбекстан).
Қола медаль иегерлері:
71 келіге дейін: Арман Арманұлы.
80 келіге дейін: Дәурен Мамыр.
Қазақстандық боксшылардан бөлек, шешуші жекпе-жекке Өзбекстаннан алты, Үндістаннан тағы бес спортшы шықты. Сондай-ақ Қырғызстан, Иран және Ирактан қатысушылар бар.
Қыздар арасындағы жастар мен жасөспірімдер құрамаларының аға жаттықтырушысы Елдос Сайдалин де Дубайға мықты спортшыларды алып келді.
Екі жартылай финалдың қорытындысы бойынша аға буын спортшылары:
54 келіге дейін: Айшагүл Елеубаева — Неха (Үндістан).
60 келіге дейін: Жұлдыз Шаяхметова — Дахия Претти (Үндістан).
63 келіге дейін: Милан Аюпова — Хиши (Үндістан).
70 келіге дейін: Гаухар Шайбекова — Азиза Зокирова (Өзбекстан).
75 келіге дейін: Дана Дидай — Хиши (Үндістан).
81 келіге дейін: Аида Сарибарова — Депика (Үндістан).
+ 81 келі: Диана магауяева — Мариам алмесмари (БАӘ).
Қола медаль иегерлері:
48 келіге дейін: Гүлназ Брибаева.
50 келіге дейін: Гүлнар Тұрапбай.
52 келіге дейін: Хава Болкоева.
57 келіге дейін: Шахназ Исаева.
66 келіге дейін: Анар Тұрынбек.
Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы мен жасөспірімдер командасы басты шайқастарда 17 шеберден тұратын болады.
Ақтық жекпе-жек 30 тамызда өтеді. Тікелей көрсетілім Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:00-де болады деп күтілуде.