• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Тамыз, 2021

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде жоғалған бала табылды

909 рет
көрсетілді

Байзақ ауданы аймағында жарылыс салдарын жою және зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына медициналық, құқық қорғау және басқа да қызметтердің бірнеше мың қызметкері жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері бейбіт тұрғындарды эвакуациялау кезінде жоғалған балаларды тапты.

«27 тамыз күні таңертең Байзақ ауылында қызмет атқару кезінде 5513 әскери бөлімінің жасақтары патрульдеу бағыты бойынша жылжыды. Қатардағы патрульші Н.Сақтапберген екі жасар баланы байқады. Бала ата-анасыз көше кезіп жүрді. Іздестіру шараларын жүргізу барысында баланың ата-анасы табылды, олар әскери нарядқа алғыстарын білдірді», деді ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Ұлттық гвардияның 5513 әскери бөлімінің қызметшілері жарылыс салдарын жоюға, жарылғыш заттарды іздеуге белсенді қатысып, тұрғындарды эвакуациялауға және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге көмектесу үстінде. ҚР Ұлттық гвардиясының әскери дәрігерлері жергілікті тұрғындар мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатыр.